Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды
Қазақстандық файтер Хабибтің промоушенімен келісімшартқа отырды
Arlan MMA Pro кәсіби қазақстандық командасы Instagram-дағы парақшасында Жасұлан Әкімжанның EFC-мен келісімшартқа отырғанын хабарлады. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды. Оның жаңа келісімі 4 шайқасқа есептелген. Ол келесі жылдан бастап Eagle Fighting Champrionship жарыстарына қатыса бастайды. Еске салайық, промоушн Хабиб Нурмагомедовке тиесілі. Жасұлан бұдан бұрын EFC-де өнер көрсеткен. Оның соңғы жекпе-жегі 5 желтоқсанда EFC 30-да өтті. Жеңіл салмақта (66 кг) Әкімжан ресейлік Тимур Акабамен (3-2) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Әкімжанның пайдасына аяқталды