Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары басталды
141
оқылды

«Хабар 24» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін Германияға жасайтын ресми сапары канцлер Ангела Меркельмен кездесуден басталады.

Хаттама талаптарына сай салтанатты қабылдау, іскерлік түскі ас және баспасөзге арналған мәлімдеме де қарастырылған. Келіссөздер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа бағыт-бағдарын айқындауға арналады. Әрі құны 2 миллиард АҚШ доллары болатын құжаттарға қол қойылады.