Браконьерлер арабтарға сатқан ителгі жыл құсы атанды
Браконьерлер арабтарға сатқан ителгі жыл құсы атанды
194
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы Қазақстанның Құстарды қорғау одағымен бірлесіп 2020 жылдың нышаны болатын құсты таңдаған.

Қауымдастық мүшелерінің дауыс беруіне күшіген, қоқиқаз және ителгі ұсынылды. Ителгі басым дауысқа ие болды. Ителгі – жыртқыш құс.

Ителгі 90-жылдары жойылып кетуге шақ қалды. Браконьер аулап, араб елдеріне сатқан. Арабияда ителгіні саятшылыққа пайдаланылады. Ителгіні шетелге заңсыз асыратындар әлі де бар. Сондықтан 2015 жылы ҚБСҚ ителгіні сирек кездесетін, қорғалатын құстар тізіміне қосты.

ҚМ Кинологиялық орталығымен серіктесіп бірнеше иісшіл ит ителгінің иісін тануды үйретілді.

Ителгі Маңғыстау мен Үстірт, Сарыарқа, солтүстік өңірде ұя салады. Алтай, Тянь-Шань тауларының етегінде қыстайды.