Алматы облысында республикалық автожол жабылды
Алматы облысында республикалық автожол жабылды
153
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысының Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас аумағында жол қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол« ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының -35 С дейін төмендеуі) 27 желтоқсан сағат 19.00-ден бастап, 28 желтоқсан сағат 09.00-ге дейін «Алматы - Өскемен« республикалық маңызы бар автожолдың 558-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы) қоғамдық көліктер мен дизельді автокөліктер үшін жабылады. Осыған байланысты Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі жіберетін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларға қажетті барлық заттарды өзіңізбен бірге алып жүруді еске салады.