Месси 5 алтын добы бар Криштиану Роналду есіне түскенде намыстанғанын айтты
Месси 5 алтын добы бар Криштиану Роналду есіне түскенде намыстанғанын айтты
223
оқылды

Vesti.kz-тің жазуынша, «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп» жеңімпазы неге байланысты анықталатынын айтты.

L’Equipe басылымының жазуынша, Месси алтын доп алу үшін көп еңбектенген. Басылым: «Мен, әлде Роналду мықты ма, оны айта алмаймын. Ол – бомбардир, ал менің стилім бөлек. «Алтын допты» алу үшін тамаша маусым өткізіп, Чемпиондар лигасында жеңу қажет. Криштиану бесінші рет алтын допты алғанда, ол «Реалмен» ұлы кезеңді бастан өткерген еді. Ол кезде ұтпаған сыйы қалмаған.  Роналду оған лайық. Мен мұнан артық істей алар едім деп ойладым. Маған бұл қалай тиді? Шынын айтсам, қиын болды. Бес алтын добы бар мен ғана емес екені есіме түскенде, жігерімді қайрап, намыстанатынмын» деген Мессидің сөзінен үзінді жариялаған.