ТМД бойынша Қазақстан азаматтары жиі ажырасады
ТМД бойынша Қазақстан азаматтары жиі ажырасады
133
оқылды

Almaty.tv-ның хабарлауынша, ТМД бойынша ажырасуға арыз жазатындардың ең көбі Қазақстанда екен.

«Бақытты отбасы» ресурстық қолдау орталығы мамандарының айтуынша, орталыққа 2 500-ден аса адам шағым айтып келген. Олардың 2 423-і ажырасу мәселесімен келіп, тек 871-і орталық мамандарының кеңесінен кейін татуласқан.

«Сотқа келіп түскен істердің былтыр 70 пайызы ажырасса, биыл 47 пайызы ажырасты. Оның көп ісі қысқартылады. Іс қысқартылды деген сөз – ол екі жақ татуласады да, арыз беріп, істі қараудан бас тартады», – дейді Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Бақыткелді Тұрлыбеков.