Әлеуметтік желілерде патрульдік полиция мен тұрғындар арасындағы қақтығыстың видеосы тарап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кадрда бірнеше ер адамның тәртіп сақшыларының бірін ұрып-соғып жатқанын көрсетеді. Желі пайдаланушылары бұл оқиға Қазақстанда болған деп болжады. Алайда, іс жүзінде патрульдерге шабуыл Бішкекте 26-27 желтоқсанға қараған түні болды. АКИргеѕѕ-тің хабарлауынша, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасалғаннан кейін екі күдікті ұсталды. Олар 1990 және 2004 жылы туған жас жігіттер болған. "26 желтоқсанда түн ортасында жол потрульдік милициясы жолда Volkswagen Passat көлігінің басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін көрген",– деп Бішкек патрульдік милициясың баспасөз қызметі хабарлады. Көлікті тоқтатып, жүргізушіге жақындаған патрульдер жүргізуші мен жолаушыдан шыққан алкогольдің өткір иісін сезген. Жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын көрсету туралы өтініш бойынша жүргізуші мен жолаушы талаптарды орындаудан бас тартқан. Ұятсыз сөздер айтып, мас жігіттер қарсылық көрсете бастаған. Жанжал шығып кіші сержанттың погондарын жыртып, милиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Содан кейін тәртіп сақшылары ескерту оқтарын жоғары қарай атқан. https://youtu.be/R8vrA66pAHA