Роналду жан досы Геннадий Головкинмен жаңа жобаға қатысып жатқанын айтты
Роналду жан досы Геннадий Головкинмен жаңа жобаға қатысып жатқанын айтты
188
оқылды

Sports.kz-тің жазуынша, данқты футболшы Криштиану Роналду әлем чемпионы Геннадий Головкинмен бірге жаңа жобаға қатысып жатыр. 

Криштиану Роналду инстаграм парақшасында Туринде DAZN компаниясы үшін түсірілім жұмыстарына қатысып жатқанын жазды.

Геннадий Головкин инстаграмдағы парақшасында: «Досым Криштиану Роналдумен Туринде күнім керемет өтті. DAZN-ға жаңа жоба дайындап жатырмыз», – деп жазды. Ал Криштиану Роналду «DAZN-ға арналған жаңа жобада жан досыммен бірге жұмыс істеп жатырмын. Жүздескеніме қуаныштымын, GGG», – дейді.


WhatsApp Image 2019-12-05 at 09.19.19.jpeg

Фото: Геннадий Головкиннің инстаграм парақшасынан

Роналду Головкинге өз командасының футболкасын сыйға тартса, GGG футболшыға бокс қолғабын табыстады.