Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Өзге аймақтарда ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында тұман, бұрқасын, желдің екпіні 15-23 м/с-ке дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін. Жамбыл, Алматы облысында тұман басады. Жел екпіні 15-22 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысында тұман, Атырау облысында көктайғақ болады.Шығыс Қазақстанда түнде қатты аяз болады.