Президент мораторий мерзімін тағы бір жылға ұзартты
Президент мораторий мерзімін тағы бір жылға ұзартты
130
оқылды

Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа өзгеріс енгізу туралы құжатқа қол қойды. Квазимемлекеттік секторда компаниялар құруға байланысты мораторий тағы бір жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі №51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Жарлықта: «1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін» деп жазылған.

Жарлық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.