Колледждегі өрттен 43 жастағы оқытушы қайтыс болды
Колледждегі өрттен 43 жастағы оқытушы қайтыс болды
95
оқылды

Өрт 6 қабатты ғимараттың үшінші қабатынан басталып, бірден жоғары қарай лап ете түскен.

24.kz-тің жазуынша, Украинаның Одесса қаласында колледж өртенді.

Өрттен колледжде жұмыс істеген 43 жастағы оқытушы қайтыс болды.

Одан бөлек тағы 14 адам жараланған. Дәрігерлер олардың екеуінің денсаулығын ауыр деп айтып отыр. Куәгерлердің айтуынша, кейбір студенттер терезеден сыртта тұрған көліктердің үстіне секірген. Өрт 4 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге беймәлім.