Қазақстанда үш мыңдай ломбардтың 700-і ғана қайта тіркеуден өткен
Қазақстанда үш мыңдай ломбардтың 700-і ғана қайта тіркеуден өткен
115
оқылды

Бұл туралы 24.kz жазды.

Бірақ оның 700-і ғана мемлекеттік тіркеуден қайта өткен. Келесі жылдың басында олардың бәрі лицензиялаудан өтуі тиіс. Талапты орындамаса, шағын несие беру құқығынан қағылады. Биыл ломбардтардың саны 4,5 есе азайған. Пандемия салдарынан ІІ тоқсанда тек қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігі бар ломбардтар ғана шағын несие беріп, халыққа қызмет көрсеткен. Бірақ кәсіпкерлердің осалдығын пайдаланған жалған ломбардтар да көбейді. Алданғандар да көп. Сондықтан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензиялау арқылы халықты алаяқтардан қорғауды көздеп отыр.

Алайда Ломбардтар лигасы қауымдастығының төрағасы Роберт Абзалиловтың айтуынша, микроқаржылық ұйымдардың нарықтағы үлесі 4 процент екен. Оларды лицензиялау бірнеше талап бойынша жүзеге асады.