Алматылық «Нұрлы таудың» 12-қабатынан секіріп, қаза тапты
Алматылық «Нұрлы таудың» 12-қабатынан секіріп, қаза тапты
137
оқылды

Алматыдағы «Нұрлы тау» тұрғын үй кешенінде оқыс оқиға болды.

«Нұрлы тау» бизнес орталығындағы төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Бостандық аудандық полициясының жедел тергеу тобы: «Қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды. Ол 1971 жылы туған. Ол шамамен бизнес орталықтың 12-қабатындағы кіреберістің терезесінен секіріп кеткен», – делінген ресми хабарламада.

 Ал Алматы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлағандай, ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.