Қарақия ауданын өмір сүруге жайлы ету мақсатында Nur Otan партиясы азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайды. Ақпараттық технологияның дамыған дәуірінде халықтың жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылуы маңызды. Өйткені бүгінгі заман жедел ақпараттың, цифрланған қызмет көрсетудің кезеңі. Сондай-ақ биылғы пандемияға орай білім беруден бастап, көптеген сала онлайнға көшіріліп, қашықтан оқу, қашықтан жұмыс жасауына тура келді. Ғаламторға деген қажеттілік артты.
Ауданда өткен «Есіктен есікке» акциясында дәл осы жоспарлы жұмыстар айтылды. Аудандық мәслихат депутатына кандидат Айгүл Ізбасарова Бостан ауылында болып, Қарақұдық орта мектебіне барды. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамту, ауыз су, жылу мәселелерін жеткізді. Мұғалімдер оқушыларды қашықтан оқытуды тоқтатып, екі ауысымда болса да мектепке келіп білім алуды жүзеге асыруды сұрады. Кандидат барлық сұрақтар негізге алынып, тиісті органдарға беріліп, жауапсыз қалмайтынын айтты. Осы уақытта облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айдана Базылбекованың сенімді өкілі Рысгүл Тайшаева ауыл тұрғындарының үйлерін аралап, үгіт материалдарын таратты.Ел халқының негізгі мәселесі – тұрғын үймен қамтамасыз етілу. Ауданда тұрғын үй кезегінде тұрғандардың саны – 1219 адам. Тұрмыстық жағдайды жақсарту үшін Жетібай ауылында 144 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы алдағы жылы аяқталады. Құрық ауылы Аппақ елдімекенінде, Мұнайшы ауылында, Бостан ауылында, жалпы үш ауылды қосқанда 36 пәтерлік 18 үйдің құрылысы жүргізіледі. 5 жылда 200-ден аса отбасы тұрғын үймен қамтылады.
Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сайлау қоры қаражаты есебінен төленді