Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатын тағы бір сілтемемен бөлісуде. Шын мәнінде, өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізіп жатқан жоқ, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт фишингтік сайт,- деп хабарлады stopfake.kz.
«Егер сәлтеме пошта немесе What’ sApp арқылы келсе — онымен ешкіммен бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты – сіздің деректеріңізді ұрлау», – деп жазды олар.Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды. Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.