Аяз ата келіп кеткен соң қарттар үйінде 18 адам қайтыс болды
Аяз ата келіп кеткен соң қарттар үйінде 18 адам қайтыс болды
156
оқылды

Бельгияның Антверпен провинциясында Аяз ата келіп кеткен соң қарттар үйінде 18 адам қайтыс болды, – деп жазады Daily Mail.

Аяз ата болып киінген адам қарттар үйіне барып келген соң 3 күннен кейін коронавирусқа тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсетті. Қарттар үйінде тест тапсырғандар арасында 120 пациент және 36 қызметкер коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Белгілі болғандай, іс-шарада қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Аяз ата қарттарға жақын келіп тұрған, олардың көбі маска кимеген. Мол қаласының мэрі Вим Кейерс қоронавирус жұқтырғандар тұратын мекемені  "жауапсыз ұйым" деп атады. Бельгияның жетекші вирусологтарының бірі  Марк ван Ранст  бір адамның осынша адамға індет жұқтырғанына кәманданады.  Оның ойынша, адамдарға коронавирустың жаппай жұғуына бөлменің нашар желдетілуі себеп болған.  Пандемия кезінде Аяз атаның келуін ол "ақымақ идея" деп атады.