Сабина Алтынбекова мен Саят Тостықбаев үйлену тойын балалар үйінде атап өтті

Сабина Алтынбекова мен Саят Тостықбаев үйлену тойын балалар үйінде атап өтті

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен оның күйеуі Саят Тостықбаев үйлену тойын Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып атап өтті.  Бұл туралы белгілі блогер Бейбіт Әлібеков өзінің Instagram-дағы  парақшасында жазды. Бейбіт Әлібеков балалар үйінің алдында түскен жас жұбайлардың суретін жариялап, олардың 100-ден астам баланың көңілін көтергенін айтты.

«Жастарға бақыт тілеймін. Саят пен Сабина керемет үлгі көрсетті. Пандемия кезінде үйлену тойын 100-ден астам баламен көңіл көтеру арқылы атап өтуге болады», - деп жазды Әлібеков.
Бұған дейін желіде Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығу сәтінен видео пада болғанын жазған болатынбыз.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ? ЖҰЛДЫЗДАР ƏЛЕМІ ?↗ЖАЗЫЛАМЫЗ (@juldyzdar_news)