Қазақстанға жеңіл жүрісті қыздар Орта Азиядан келеді
Қазақстанға жеңіл жүрісті қыздар Орта Азиядан келеді
532
оқылды

Жыл басынан бері дәл осындай 2 мыңнан астам сайтты бұғаттау туралы хабарлама жіберіліп, 1 жарым мыңға жуық интернет-ресурсқа тыйым салынған. Заңнаманы бұзған интернет-ресурстар анықталған кезде (порнографияны тарату, адам саудасына байланысты қылмыстарға ықпал ету) Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңсыз ресурстарды бұғаттау үшін тиісті хабарламалар жіберіледі. Таяуда сондай сайттардың бірі саналатын «Друг Вокруг» сайты бұғатталды.

қыздар  

«Жеңіл жүрісті қыздар жалдамалы пәтерде ақылы жыныстық қызмет көрсеткен. Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрғын үй пәтерінің бірінде массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті қыз бен бір әкімші ұсталды», − дейді Алматы қаласы ПД КПБ бастығы Еркін Іңкәров.

Елорда аумағында «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері интимдік қызметтер көрсететін жеңіл жүрісті қыздарды ұсынатын төрт жеңгетай мен 36 жезөкшені ұстады.  Олар хаттама толтырып, заң аясында тергеу жұмыстары жүргізілген. Жақында тағы да криминалдық полиция қызметкерлері өткізген түнгі рейд барысында Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында орналасқан қонақ үй кешенінде жезөкшелікпен айналысатын 7 бойжеткен анықталды.

қыздар

«Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында аталған қонақ үйде осы мекеменің әкімшісі мен жезөкшелікпен айналысатын жеті бойжеткенді анықтады. Тексеру барысында жеңіл жүрісті қыздардың біреуінің ҚР көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүрген Өзбек елінің азаматшасы екені, қалған алты қыз Қазақстан азаматшасы екені белгілі болды. Таяу күндері Өзбекстан Республикасының азаматшасы сот шешімімен ел аумағынан шығарылады. Ұсталған барлық азаматша полицияға жеткізіліп, олардың қандай-да бір құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға қатыстылығы тексерілді. Ал қонақ үйді жезөкшелер ошағына айналдырған мекеме басшылығына қатысты тиісті шара қолданылады» – деп мәлімдеді Алматы қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жеңіл жүрісті қыздар санатына Қазақстан Республикасының азаматтары да, сондай-ақ жақын қалалар мен облыс орталықтарына интимдік қызмет көрсету үшін келетін Орта Азия елдерінің азаматтары кіреді. Шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.

Кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Таяуда Алматыда 17 жастағы қыз баланы жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі анықталды. Жасөспірім қызды жезөкшелікпен айналысуға оның жерлесі итермелеген.

«Аталған азаматша жезөкшелікпен айналысуға 17 және 22 жастағы қыздарды тартқан. Жезөкшелер ошағы Медеу ауданының Пушкин көшесі бойында орналасқан тұрғын үйде ұйымдастырылған. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның Алматыға өзінің жерлестерін жалақысы көп жұмыс тауып беремін деген желеумен алдап шақырып алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды» - деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Сондай-ақ полицияда ұсталған азаматшаның бұрын өзінің жаңа туған баласын сатқаны үшін қылмысты жауапкершілікке тартылғаны анықтады.

Айта кетерлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жезөкшелікпен айналысқаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған. Тек жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну фактісі бойынша (ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы) және жезөкшелікпен айналасуға тарту фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 308 бабы), кәмелет жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналасуға тартқаны үшін қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 134 бабы) қозғалады.

Елімізде 2018 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде (11 ай) жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені үшін 8 адам сотталды. Жыл басынан бері жезөкшелікпен айналасуға тарту фактісі бойынша 24 қылмыстық іс, кәмелет жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналасуға тартқаны үшін 5 қылмыстық іс, әкімшілік құқықбұзушылық жасап жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну фактісі бойынша 161 әкімшілік іс қозғалған.

Жеңіл жүрісті қыздардың бағасы қанша?

  Ішкі істер министрлігі жыныстық қызмет көрсетумен айналысатын жезөкшелерді жарнамалайтын, ұсынатын сайттар бұғатталды деп мәлімдегенімен әлі де интернетте жұмысын жалғастырып жатқан интернет-ресурстарды табу қиын емес. Солардың біріне кіріп сайттағы ұсынылған ақпараттармен таныстық. Онда республиканың 15 өңірінде қызмет көрсетілетіні жазылған.  Сұранысқа ие аймақтардың көш басында Шымкет, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Жеңіл жүріспен айналысатын қыздар мен қатар жігіттерді де табуға болады. Ол аз десеңіз, транссексуалдарда қызмет ұсынуға дайын.

          Жеңіл жүріспен айналысатын қыздардың жасы 18-30 жас аралығында. Ұлты әрқалай. Бағасы сағатына 20-25 мың теңге аралығында. Жігітердің де ұсынатын қызмет бағасы 25 мың теңге шамасында. Транссексуалдар ұсынатын қызметі үшін 40 мың теңгеден 100 мың теңгеге сұрайды.

Карантин қалай әсер етті

          Жеңіл жүрісті қыздар карантин басталған уақыттан бері клиенттердің саны азайғанын айтады. Шымкент қаласының тұрғыны Айжан өзінің шақырту арқылы жұмыс жасағанын, карантин кезінде клиент болмай жеке кәсіп ашып киім сатып жүргенін айтады. Киім сатудан түскен табысы қызмет көрсетуден түскен ақшадан әлдеқайда аз, бірақ жаны тыныш, уайымы жоқ екенін жасырмайды.

қыздарКарантинге дейін жеңіл жүріспен айналысқан тағы бір бойжеткен жеке кәсіп ашса да, бұрынғы қызметінен толық қол үзе алмай жүр. Себебі, қосымша ақша керек. Оның айтуынша, Қазақстанда жеңіл жүрісті қыздардың қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді. Ұрып-соғып, ойларына келгенін істеп кететін жігіттер бар. Сондықтан ол алдағы уақытта жаңа өмір бастауды жоспарлап отыр.