Brent мұнайы өндірілмейтін болды
Brent мұнайы өндірілмейтін болды
5,124
оқылды

Әлемдегі ең танымал мұнай-газ қоры таусылды. Енді Brent маркалы мұнайдың құрамында Brent кен орнының өнімі болмайды.

Бұл туралы Wall Street Journal хабарлап отыр. 2020 жылы Royal Dutch Shell PLC компаниясы Солтүстік теңіздің Шетланд бассейніндегі соңғы бұрғылау қондырғыларын жаппақ. Енді өндіріс сол маңайдағы бірнеше ұсақ кен орындарына ауысады. Мамандар бұл оқиғаны толық бір дәуірдің бітуіне балап отыр. «Ол 40 жылдан астам уақыт біздің өндірістің іргетасы болған еді.», – деп терең күрсінді Royal Dutch Shell компаниясының барлау және өндіріс бойынша вице-президенті Стив Фимистер.

Бірақ, бұл Brent мұнайы нарықтан кетеді деген сөз емес. Тек осы аттас кен орнында өндіріс тоқтамақ. Ол 1975 жылы ашылып, 1975 жылы жұмысын бастаған. 1982 жылы аталмыш кен орнынан 500 мың баррельден астам мұнай өндіріп, әлемдік көшбасшыға айналды.