28 желтоқсанда сағат 00.22-де Целиноград ауданының Ақмол ауылы №22 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылында қазандық жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 00: 23-те оқиға орнына жақын маңдағы Қабанбай батыр ауылындағы Ақмола облысы ТЖД №34 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автоцистернасы (арақашықтығы 18 шақырым) және Ақмол ауылындағы №22 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автоцистернасы (арақашықтығы 45 шақырым) жіберілді. Оқиға орнына қосымша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары (арақашықтығы18 шақырым) жіберілді. Бірінші бөлімше шақыру орнына келген кезде сағат 00.50-де (27 минуттан кейін) жалпы алаңы 750 шаршы метр қазандық пен металл пластик және жиһаз бұйымдарын өндіретін цехтың толықтай отқа оранғаны анықталды. Өртті сөндіруге және Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің 34 қызметкері мен 5 өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылды. Өрт сағат 02.35-те ауыздықталып, сағат 04.20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.