Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлады elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығы нәтижелері, сондай-ақ оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды. Сонымен бірге қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы Күштердің COVID-19 пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.