Қазақ жігіті үздік 15 боксшы қатарында
Қазақ жігіті үздік 15 боксшы қатарында

Орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) соңғы жеңісінен соң IBF рейтингінде жоғарылап, 15 орынға тұрақтады.

Титулдық жекпе-жек қараша айында АҚШ-ның Фресно қаласында өткен болатын. WBC Continental Americas и WBO Global белбеулерін қорғаған ол қарсыласы Альберто Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсірді.
Бұл жеңісі Жәнібекке Халқаралық бокс федерациясының рейтингіне кіріп, үздік боксшылармен бәсекелесуге мүмкіндік берді. Бұл ұйымның осы салмақтағы чемпионы отанасымыз Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) екенін естеріңізге сала кетейік. Тағы бір орта салмақтағы қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов 9 сатыға жайғасқан.