Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мәдениет

Фариза Оңғарсынованың мерейтойына орай әдеби байқау ұйымдастырылды

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 5, 2019
Мәдениет
944
қаралым

Дара қолтаңбасымен, өзіндік болмыс-бітімімен қазақ поэзиясына соны леп әкелген ақын, ұлт әдебиетінің көрнекті өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде әдеби байқау өтті. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұнық жырдың тұмары» деп ат қойып, айдар таққан жыр кешінің өтуіне «Ақ қауырсын» жастар шығармашылық клубы ұйытқы болды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған сайысқа Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері бақ сынасты. Қатысушылар онлайн дауыс беру арқылы іріктелген. Арнайы түсірген бейнебаян авторларына байқаудың ақтық кезеңіне жолдама берілген.

– Өлең деген өзгеше өлкеде өзіндік сөз өрнегімен із қалдырған алдаспан ақынның алапат жырлары жырсүйер қауымның жүрегінде жасын отындай жарқылдап, уақыт ағысымен бірге биіктеп барады. Ардақты ақынның 80 жылдығы қарсаңындағы бүгінгі шара соның нақты айғағы іспеттес, – дейді ұйымдастырушылар.

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Алматыда автобус  екі көлікті соғып, «Mega» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағына кіріп кеткен

Алматы метросының «Байқоңыр» бекеті уақытша жабылды

Сайыс үш бағыт бойынша өтті. «Жырың қалды жанымның ұшқынындай» атты бағытта қатысушылар Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Ал «Әуелеген әсем ән» бағытында ақынның сөздеріне жазылған музыкалық туындылар орындалса, «Жыр жазамын жүрекпен» атты кезеңде қатысушылар жүрекжарды арнау жырларын ұсынды.

Қатысушылардың өнерін жазушы, журналист Бейбіт Сарыбай, актриса Нұргүл Мыңғатова сынды руханият саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.

– Өткенге көз салсақ, қазақ әдебиетінің тарихында өмірін өлеңге арнаған ақын әйелдер аз емес. Олардың қатарында Мария Хакімжанова, Зияш Қалауова, Марфуға Айтқожина, Ақұштап Бақтыгереева, Қанипа Бұғыбаева, Күләш Ахметова есімдерін ерекше атасақ болады. Өткен ғсырдың 60-70-жылдары – көзіқарақты көпшілік «поэзия падишасы» деп әспеттеген Фариза Оңғарсынованы осы тізімнің көш басында, алдыңғы сапында тұрған ұлт әдебиетінде өзіндік өрнегі бар нәзікжандылардың бірі һәм бірегейі деп атасақ болады. Талай ұрпақ Фаризаның шығармашылығына шын сүйсінсе, Күләш пен Қанипаның, Ақұштаптың лирикасын жатқа оқыды. Олар поэзия арқылы қазақ қызының жаңа образын сомдады, жаңа кейпінен сыр шертті. Олар сырлы да нұрлы жырларымен қазақ қызын тәлімді тәрбиеледі. Олар ана бола тұра, ақын бола тұра қиындыққа мойымай, өлеңнен теріс айналмай, адалдығынан, азаматтығынан айнымай, оны дәлелдей білді, – деп атап өтті жиында сөз алғандар.

Байқаудың «Жырың қалды жанымның ұшқынындай» атты бағыты бойынша бас жүлдені Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Жанар Жексенова иеленді. Бірінші орынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Нұрай Айтбаева, екінші және үшінші орындарға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Құмарбек Нұркен мен Сағыныш Балтабай ие болды.

«Әуелеген әсем ән» бағытында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Алуа Тұмарбайдың жұлдызы жанып, бірінші орынды қанжығалады. Екінші орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Жанәлі Бекзатхан мен Мағжан Датқа өзара бөліссе, үшінші орынды Қыздар университетінің білімгері Ақерке Жаһанқызы олжалады.

«Жыр жазамын жүрекпен» атты бағыт бойынша Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті Диана Ізбасар жүзден жүйрік шықты. Бұл бағытта Қыздар университетінің студенті Ақтолқын Жолаушыбай бірінші орынды, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Қанат Ерболат екінші орынды және осы оқу орнының білімгері Бауыржан Асқарұлы үшінші орынды еншіледі.

Жеңімпаздар «Алғыс хатпен», арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Фариза Оңғарсынова шығармашылығының ерекшелігін, бүкіл болмысын, қадыр-қасиеттерін жеткізіп айту оңай дүние емес. Қыздар поэзиясының өсіп-өркендеуінің, биік деңгейге жетуінің айқын дәлелі де – Фариза шығармашылығы. Арда ақынның жырлары мәңгі жасайды, – деп атап өтті байқау ұйымдастырушылары.

 
Тегтер: ақынАлматыәдеби байқауҚыздар университетіпоэзияФариза Оңғарсынова
Алдыңғы жаңалық

Қазақ жігіті үздік 15 боксшы қатарында

Келесі жаңалық

Аязда мүгедекті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайтып келді

Ұқсас жаңалықтар

актер
Мәдениет

Нағыз актер туралы аңыз…

Ақпан 26, 2021
Ұзыншұлық Пиппи
Мәдениет

«Ұзыншұлық Пиппи» тұңғыш рет қазақ тіліне аударылды

Ақпан 25, 2021
мәдени мұра
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

«Мәдени мұра» – тарихымызды жаңғыртқан жоба

Ақпан 24, 2021
жас ақындар
Мәдениет

Алматыда халықаралық жас ақындар айтысы өтті

Ақпан 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 10:17

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 09:58

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Наурыз 1, 09:38

Бірліктің арқасында мақсатымызға жеттік – Асқар Мамин

Наурыз 1, 09:27

«ҚазАгро» жұмысын тоқтататын болды

Наурыз 1, 09:06

Президент Алғыс айту күнімен құттықтады

Наурыз 1, 08:32

Шығыс Қазақстанда ауа райына байланысты жолдар жабылды

Наурыз 1, 08:25
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

қазақ күресі, Жақсылық Үшкемпіров, жарыс, астана

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті

Наурыз 1, 2021
Дамир Дәуітов, Алматы, тергеу изоляторы,

Алматыда абақтыдан қашып кеткен ер адам ұсталды

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»