Nur Otan партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Қадиша Оспанова тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қажет ететін көпбалалы және көпұлтты Әлиевтер отбасымен кездесті.
Қадиша Базарбайқызының айтуынша, бұл отбасы Қазақстанның шағын үлгісі іспеттес. Онда қазақ, кәріс, өзбек, тіпті грек қандары бір-бірімен біте қайнасқан. Отағасы Ержан – супервайзер, анасы Наташа – есепші, ал әжесі Эльза Николаевна аспаз болып жұмыс істейді. Үлкен қызы тұрмыста, бір қызы бар, қазір бала күтіміне байланысты демалыста. Тағы бір қызы жұмыс істейді, кіші ұлдары мектеп пен балабақшаға барады. Олардың барлығы Гоголь көшесіндегі төрт бөлмелі пәтерде тұрады. «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дейді олар. Алайда олар мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, қосымша тұрғын үй беріледі деп үміттенеді.Nur Otan партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер біздің елімізде ең жақын адамдарға деген қамқорлық әрқашан қоғамдық санада ең биік, құрметті және мызғымас орынды иеленгенін баса айтты. Ал Nur Otan партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев отбасы институтын қолдау, ана мен балалық шақты қорғау, аға ұрпаққа қамқорлық жасау мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізі болуы керек деп атап өткен болатын.– Олардың отбасымен әңгімелесу мен үшін бір ғанибет болды. Оларға қарап, Алиевтер отбасы сияқты жандар біздің қоғамның, жалпы біздің елдің ұйытқысы екенін түсінесің, себебі олар ынтымағы жарасқан, айрандай ұйыған, көп ұлтты отбасының нағыз үлгісі. Дәл осындай адамдардың арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісім гүлденуде.
Мен өз тарапымнан Nur Otan партиясы әрдайым отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау шараларын қолдай беретінін айтқым келеді. Біз, әрине, Әлиевтер отбасына көмектесудің мүмкіндіктерін іздейміз. Оларға ғана емес – әлеуметтік қолдауды қажет ететіндердің барлығына. Бұл Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі қағидаларының бірі, – дейді Қадиша Базарбайқызы.
Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының Сайлау қорынан төленді.