Димаш отандастарының сынына жауап берді

Димаш отандастарының сынына жауап берді

Әнші Димаш Құдайберген  "Россия" телеарнасында көрсетілген "Привет, Андрей" бағдарламасына қатысты отандастарының сынына жауап берді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қымбатты достар! Кеше "Россия" арнасынан көрсетілген "Привет, Андрей" бағдарламасын көрген боларсыздар. Аз ғана, бірақ мен үшін маңызды эпизод болған еді, ол эфирге шықпай қалды. Мен өз Отанымды жақсы көретінімді, жерлестерімді жақсы көретінімді айтқан болатынмын. 2013 жылы болған "Саз әлемі" жобасындағы жағдай тұтас қазақ халқының маған деген қарым-қатынасының көрсеткіші емес. Мен осы бағдарламаға дейін дәл осылай ән шырқадым және халықаралық байқауларда жеңіске жеттім, өз қалауым бойынша ән айта беремін және өз жұмысымды өзім қалағандай істеймін.  Менің ата-анам, туыстарым, достарым бар, олар маған бәріне көмектеседі. Бірақ  менің осы дәрежеге жеткенім Қазақстанның арқасында. Мен Қазақстанда өстім, қазақ тағамдарын жедім, қазақ вокал мұғалімінен оқыдым, қазақ отбасында өстім. Мені алға жетелейтін – менің ұлтым және менің елім!  Америка немесе Қытай  болсын, халықаралық жарыстарға мен бір ғана ниетпен бардым, еліміздің абыройын асқақтату үшін. Мұндай талап-тілегім болмаса, мүмкін мен шетелде өнер көрсетпес едім. 2013 жылғы видео туралы айтар болсам, достар, шынымды айтсам, мен бұл видеоны қайтадан көремін деп ойлаған жоқпын, өйткені оны ұмытып та кеткен едім. «Ресейлік әріптестерімнің алдында өз әншілерімізді қорғай алмады, әлі күнге дейін біреуге өкпелі» деп ойлап қалмаңыздар. Қажетсіз естеліктерді ұмыта аламын. Отандастырымды қорғап сөйлеген сөзімді эфирден көрсетпеген екен. Құрметті достар, бұрынғы видеоны жіберуді доғарсаңыздар. Қанша жыл өтсе де, адамдар ол видеоны талқылауды доғарар емес. Бала кезімнен мен сынға дайын болдым, объективті болсын, объективті емес болсын, менің ар-намысыма тию өте қиын. Сол видеодағы адамдарға көп жаман сөздер айтылып жатыр. Әркімнің өз пікірі бар, олардың пікірі өзгерсін, өзгермесін бәрі артта қалды. Әркімнің өз отбасы, балалары бар. Әрбір елде осы видео туралы айтқанды өзім де ұнатпаймын. Болған нәрсе, болды. Өз басым мұны бұрында ұмытқанмын. Қазіргі қиын жағдайда біз-бірімізді қолдауымыз керек. Ешкімді ренжітпейік", – деді Димаш Құдайберген.
Димаш жуырда ресейлік бағдарламаға қатысқан болатын. Бағдарлама барысында әншіні сынаған бұрынғы видео көрсетілді. Ресейдің эстрада жұлдыздары оған «Бұлар кімдер?» деп сұрақ қойған. Әнші әділқазылардың көңілінен шыға алмағанын жеткізген еді. Осыдан кейін әншіні  «еліңнің намысын таптадың» деп сынағандар болды.