Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Видео

Оппозиционер – ойнайтын рөл емес, өмір салты болуы тиіс

Айхан ШӘРІП
Желтоқсан 28, 2020
Мінбер, Видео, Жаңалықтар, Қазақстан
Оппозиционер – Ермұхамед Ертісбаев
1.1k
қаралым

Азаматтарды қабылдау қайта басталды

Nur Otan партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды

Руханият пен мәдениетті дамыту басты назарда

Кейбір партия оппозиция рөлін ойнауға тырысуда, бірақ халық оған сенбейді. Бұл туралы белгілі саясаткер, саясат ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев Azattyq Rýhy агенттігіне сұхбатында айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндетке сәйкес, биылғы жазда «Парламенттік оппозицияға» қатысты заң қабылданды. Құжатта оппозиция үшін бірқатар артықшылықтар қарастырылған. Осындай мәртебеге ие фракция өкілдеріне әрбір парламенттік тыңдау мен үкімет сағатында, палатаның жалпы отырысында, Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында міндетті түрде сөз беріледі. Олар Үкіметтің заң жобасына балама жобаны ұсыну құқығына ие. Бұдан бөлек, олардың өкілдері комитет төрағалығына ұсынылады.

Парламенттік оппозиция мәртебесін иеленуге бірнеше партия таласуда. Әсіресе, «Ақ жол» партиясы белсенділік танытып келеді. Оның жетекшісі А.Перуашев тіпті бірқатар өткір мәлімдеме жасады.

«Мен Азат Перуашевтің өткір мәлімдемесіне жолыққан кезде британдық атақты жазушының естелігін еске түсіремін. Оған бірде адвокат танысы қызықты қағиданы айтып береді: егер қорғаушы ретінде сөз сөйлесең, заң аясынан аспа! Ал егер соттан тыс таласқа қатыссаң, әй-шәйға қарамай, ақырып, айғайла, үстелді тоқпақта! Бұл әрине, күлкіңді келтіретін көрініс. Батырып-батырып сөйлеуге тырысқанда Азат Перуашев сол адвокатты көзге елестетеді», – деді Ермұхамет Қабиденұлы.

 «Мынаны қараңыз: Азат Тұрлыбекұлы парламенттік республика құру қажет деп мәлімдеді. Ол 2012 жылдан бері депутат. Сонымен бірге 20 жылдан астам уақыттан бері – биліктің адамы. Азаматтық партияны басқарды. Сондықтан ол оппозиционер рөлін ойнағысы келгенімен, оған ешкім сенбейді. Ол нақты ойластырылған, қызықты бағдарлама түзуі қажет еді. Ондай бағдарламасы жоқ. Ол өз партиясын – бизнес пен кәсіпкерлердің қорғаны ретінде көрсетуге бар күшін салып бағуда. Бірақ онысынан да ештеңе шығар емес. Мысалы, Nur Otan партиясын алайық: оның партиялық тізіміндегі кандидаттардың 30%-ы – кәсіпкерлер!» – деді Е.Ертісбаев.

Оның байламынша, Украина немесе Беларусьтен бір айырмашылығы, Қазақстанда бизнесмендер билікке қарсы келгісі келмейді, оларға елде тұрақтылықтың болғаны керек. Тұрақтылық болмаса, тәртіпсіздік орын алып, бизнесі ту-талақай етіледі.

«Оның үстіне «Ақ жолдың» «Адал» партиясы бейнесінде бәсекелесі пайда болды: бұлар өздерінің жалғыз электоратын жан-жаққа жұлмалап жатыр. Екеуі де Nur Otan-мен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Өйткені біздің партияны жүздеген мың жеке шаруашылық субъектілері қолдайды. Олардың бәрі көшбасшы партияға дауыс беруге дайын отыр. Бұл жерде мынаны ұмытпауға тиіспіз: Nur Otan әрбір өңірде, барлық қала мен ауданда филиалын құрумен ғана шектелмей, бизнес нысандарында, кәсіпорындарда бастауыш ұйымдарын ашқан жалғыз партия! Демек, барлығы қамтылған, бақылауда. Филиалдар мен бастауыш ұйымдар күн сайын идеологиялық жұмыс жүргізеді. Осындай жағдайда А.Перуашев өткір мәлімдемелер жасайды, ал онысы еш әсер етпейді, нәтижеге жетпейді», – деп санайды саясаткер.

Оның пікірінше, «Ақ жол» наразы электорат өзіне дауыс береді деп үміттенетін болса керек.

«Бұл ретте 20 жылға сотталған қашқын банкир «Ақ жолды» қолдауға шешім қабылдапты. Бұл енді принципсіздіктің жарқын көрінісі. Nur Otan-нан басқа кез келген партияға дауыс бер деген не, мысалы?! Мұндай ұстаным елді дамуға бастамайды. Айтпақшы, жақында «Зерттеу» қоры халық арасында сауалнама жүргізді. Қазан айында «Қоғамдық пікір» сұрау салғанда, көшбасшы партияны қолдаушылар саны 72,1 пайыз болған. Енді сайлаушылардың 74,5%-дайы Nur Otan-ға дауыс беретінін айтып отыр. Міне, қазіргі кездегі жағдай осындай», – деп түйді Ермұхамет Ертісбаев.

 
Тегтер: Nur OtanАқ жолЕрмұхамед Ертісбаевоппозиционерпартиясұхбат
Алдыңғы жаңалық

Димаш отандастарының сынына жауап берді

Келесі жаңалық

Nur Otan: Алматыда креативті индустрия саласында 15 мың жұмыс орны ашылады

Ұқсас жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші
Жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 2021
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
Жаңалықтар

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды
Жаңалықтар

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Қаңтар 22, 2021
келіншек
Жаңалықтар

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Қаңтар 22, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 17:54

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 17:36

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Қаңтар 22, 17:13

Күйеуі бар, көпбалалы келіншекпен көңіл қосқан азаматты әйелдің туыстары өлтірген

Қаңтар 22, 16:58

Бірқатар облыста жол жабылды

Қаңтар 22, 16:35

Тағы бір өңірде екі аптаға карантин енгізілді

Қаңтар 22, 16:25

Азаматтарды қабылдау қайта басталды

Қаңтар 22, 15:57
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Террористік және экстремистік насихат жүргізген: Темір тордан шыққан жігіттің өкініші

Қаңтар 22, 2021
Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Марат Оразаев АШМ аппаратының басшысы болып тағайындалды

Қаңтар 22, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»