ADAL саяси партиясы үгіт-насихат тобының халықпен өткізген кездесулерінің қорытындысы шықты. 11-28 желтоқсан аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарында 3 583 кездесу өтсе, оған 71 256 адам қатысқан. Үгіт-насихат кезеңінде партияға 57 мың адам кірді, қазір партия мүшелерінің саны – 111 875 азамат.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес аймақтардағы кездесулерге қатысушылардың саны шектеулі болды. Дегенмен ADAL партиясы өкілдері сайлаушылармен тікелей кездескісі келді. Сондықтан да ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат барлық 16 үміткер еліміздің түрлі аймақтарына аттанды.Өңір тұрғындары көптеген өзекті мәселелерді айтты. Көбіне тұрғындар инфрақұрылымға қатысты проблемаларға, жолдың нашарлығына, жалақының төмендігіне, мемлекеттік органдардың бюрократиясына және жеке қажеттіліктер үшін жердің жетіспеуіне шағымданды. Сондай-ақ тұрғындар қоршаған ортаның нашарлығы мен медициналық көмек алу мәселесін айтқан. Бұл мәселелерді шешу партияның бағдарламалық құжатында көрсетілген. ADAL партиясы сайлау нәтижелеріне қарамастан, жоғарыдағы проблемаларды шешумен айналысуды жалғастыра береді.
"Біз әр аймақ тұрғындарының проблемаларының үлкен дерекқорын жинадық, сондықтан біз 7%-дық межеден өтпесек те, осы мәселелерді шешуді жалғастырамыз деп сендіргім келеді. Өңірлердегі жобалық кеңселер форматында жұмыс істейтін боламыз", – деді депутаттыққа кандидат Олжас Ордабаев.Еуропалық Одақ елдерінің өкілдерімен онлайн-кездесу өтті. Партия аппаратының басшысы Бауыржан Оразғалиев ADAL партиясының мақсаты мен міндеті туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бүкіл сайлау кезеңі ішінде белсенді өзара қарым-қатынас жасауға уағдаласты.