Қостанай әуежайын қайта жаңғыртпақ

Қостанай әуежайын қайта жаңғыртпақ

1975 жылы салынған әуежай заманауи талаптарға сай емес.

Құрылыс жұмыстары жоба дайын болған соң басталады. Қостанай әуежайын салуға жергілікті және республикалық бюджеттің қаржысын жұмсалмақ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«15 маусымнан бастап жаз бойы ұшу-қону жолағын жаңғыртумен айналыстық. Ол 40 жыл жөндеу көрмеген. Әрине, құрылыс кезінде қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайсыздық туындағаны рас. Өйткені ұшақтар қара жерге қонуға мәжбүр болды. Бір ай бұрын жолақты қайта аштық», – деді Мұхамбетов.


Оның айтуынша, жолақ ұзарған. Енді Қостанай әуежайы 200 тонналық ұшақтарды қондыра алады.
– Қазір Нұр Сұлтан, Мәскеу, Алматы қалаларына, Египедке рейстер ашық. Енді, 1975 жылы салынған терминалды жөндеу керек. Бүгінгі көлемі 5 мың шаршы метр. Бұл әлемдік стандарттарға сай емес. Қазір жаңа терминалдың жобасын дайындап жатырмыз. Ақпан-наурыз айларында дайын болады. Осыдан кейін іске кірісеміз. Басты мақсат – әуежайдың әлеуетін арттыру. Қазір сағатына 200 жолаушы қабылдасақ, келешекте бұны 250-300 адамға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді әкім.