Әуекомпания сотта төртінші рет жеңілді
Әуекомпания сотта төртінші рет жеңілді
98
оқылды

Кеше Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Bek Air АҚ-ға қарсы 4-ші талап арызын қанағаттандырды. Жаңа үкімге сәйкес, авиакомпания билет сатып алғанымен, ұша алмаған жолаушыларының 9,3 млн теңгесін қайтаруы керек.

Осылайша, жалпы алғанда 1 мың 678 адамның құқықтары қорғалып отыр. Bek Air тұты­нушыларға қайтаруы тиіс қара­жатының сомасы 103,3 млн тең­геге жетті. Бірақ бұл ақырғы сома емес: комитетке тұтыну­шы­лар­дың ша­ғымдары әрі қарай түсуіне бай­ланысты бесінші талап сотқа берілетін болды. Заңға сәйкес, атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар ту­ралы атқарушылық құжаттарды қоспа­ғанда, сондай-ақ заңна­малық актілерде өзге де орындау мер­зімдері белгіленген жағ­дайларды қоспа­ған­да, ол қоз­ғалған күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде аяқталуы керек. Сондықтан жеңген тұты­нушылар сот ше­шімдерін орын­­дау бойынша қа­жетті және уақы­тылы шаралар қабылдайтын сот орын­дау­шы­ларына жүгінуге құқылы. Атқару парағы берілген сот орын­дау­шысы туралы мәлі­меттерді алу үшін тұтынушылар Алматы қала­сының жеке сот орын­­дау­­шы­ларының пала­та­сына жүгінуі қажет. Үшінші талапты Алматы қа­ласының азаматтық істер жө­ніндегі апелляциялық алқасы қа­райды: Bek Air оған қарсы ша­ғым түсірген. Мемлекеттің Bek Air АҚ-ға қарсы алғашқы 2талабы заңды күшіне енді.

Ерік ЕРДЕН