Кеше Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Bek Air АҚ-ға қарсы 4-ші талап арызын қанағаттандырды. Жаңа үкімге сәйкес, авиакомпания билет сатып алғанымен, ұша алмаған жолаушыларының 9,3 млн теңгесін қайтаруы керек.
Осылайша, жалпы алғанда 1 мың 678 адамның құқықтары қорғалып отыр. Bek Air тұтынушыларға қайтаруы тиіс қаражатының сомасы 103,3 млн теңгеге жетті. Бірақ бұл ақырғы сома емес: комитетке тұтынушылардың шағымдары әрі қарай түсуіне байланысты бесінші талап сотқа берілетін болды. Заңға сәйкес, атқарушылық іс жүргізу, мерзімдік жазалар туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілерде өзге де орындау мерзімдері белгіленген жағдайларды қоспағанда, ол қозғалған күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде аяқталуы керек. Сондықтан жеңген тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша қажетті және уақытылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларына жүгінуге құқылы. Атқару парағы берілген сот орындаушысы туралы мәліметтерді алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушыларының палатасына жүгінуі қажет. Үшінші талапты Алматы қаласының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы қарайды: Bek Air оған қарсы шағым түсірген. Мемлекеттің Bek Air АҚ-ға қарсы алғашқы 2талабы заңды күшіне енді.Ерік ЕРДЕН