Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолы жабылды
Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолы жабылды
117
оқылды

Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолы мұзды жағдайға байланысты жабылды, – деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

«Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 301-341 шақырым учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы – Көкшетау қаласы және А-1 «Нұр-Сұлтан – Петропавл», Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы 341-473 шақырымында көліктердің барлық түрлеріне арналған қозғалыс жабылды», – делінген хабарламада.

Жолда төтенше жағдай туындаса, жүргізушілерден +7 7172 444 777, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің ұялы телефонымен және WhatsApp +7 771 7444 777 хабарласуларыңызды сұраймыз.