Елбасымен жылы жүздесу
Елбасымен жылы жүздесу
152
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев «Шаушен» шаруа қожалы­ғы­ның басшысы Сайрамбай Дөненбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Елба­сы кәсіпкердің Жамбыл облысын­дағы әлеуметтік инфрақұры­лым құрылысына белсене қа­тысқанын атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Сайрамбай Дөненбаев Қа­зақстан­ның Тұңғыш Президен­тіне ауылдар мен ауыл жаста­ры­ның дамуына көңіл бөліп, қол­дау көрсеткені үшін риза­шылық білдірді.

Сондай-ақ Елбасы «Ал­ма­ты­кітап» баспасы ЖШС дирек­торлар кеңесінің төрайы­мы Элеонора Баталованы қабылдады.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақстан­­­ның еңбек сіңірген қай­рат­ке­рінің елдегі баспа ісі­нің да­муы мен қалыптасуына қос­қан үлесін атап өтті.

– Сіздің жетекшілігіңізбен «Алматыкітап» жақсы жұмыс көрсетіп отыр. Сіздер өте қы­зықты әрі жақсы кітаптар шы­ға­расыздар, – деді Елбасы.

Сонымен бірге Э.Баталова Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты.