Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Спорт

Соңғы үміт Лозаннадағы соттың шешімінде

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 29, 2020
Спорт, Жаңалықтар, Қазақстан
Соңғы үміт Лозаннадағы соттың шешімінде
108
қаралым

Жақында футболдан Қа­зақ­стан ұлттық құрамасы­ның капитаны, «Әл-Айн» клу­бы­ның ойыншысы Бауыржан Исламхан тыйым салынған метилгексанамин пре­пара­тын қолданғаны үшін 2 жыл­ға спорттан шеттетілді.

Жалпы, еліміз үшін допинг дауы айтарлықтай жаңалық емес. Олимпиадада үздіктердің қата­рына еніп, кейіннен допинг та­был­ғанына байланысты жүлде­сінен айырылған елдердің тізі­мінде Қазақстан 4-орынға жай­ғас­қан.  Дегенмен Бауыржан қа­зақ футболы тарихындағы до­пинг­пен ұсталған алғашқы фут­бол­шы. Сондықтан бұл жаңалық көпшілікті бірден елең еткізді. Елі­міз­дің маңдайалды футбол­шыларының біріне баланған, болашағынан зор үміт күттірген талантты футболшымыздың ке­леңсіз жағдайға ұшырауы, жаза­лануы қазақ футболы үшін ауыр соққы болды.

Допингке қарсы Қазақстан ұлттық орталығының директоры Майра Бақашева АФК Тәртіптік комитетінің Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыр­жан Исламханды допинг қолдан­ғаны үшін 2 жылға дис­квалификация­лау туралы шеші­мі­не қатысты пікір білдірді. Ол «Қай­раттың» бұрынғы капитаны­на бұдан да қатаң жаза қолдануға болатынын, қайта 2 жыл жеңіл­детілген жаза екенін айтты.

– Бізде Дүниежүзілік допинг­ке қарсы кодекс бар, ол барлық спорт түріне қатысты. Ереже мен талап – бәріне бірдей. Егер спортшы тәртіпбұзушылықтың қасақана жасалғанын дәлелдейтін болса, онда оның жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндігі бар. Олай болмаса, жазаға мойынсұнады. Сондықтан қабылданған ше­шімге таңғалудың еш қажеті жоқ,– деді Майра Бақашева.

«Барселона» футбол клубының президенті ауысты

«Тобыл» Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлер кіре ала ма?

Әлемдік анти-допинг агенттігі аталған препаратты 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға тыйым салды. Соған қарамастан, 2011 жылы әлемде метилгек­санаминді 718 спортшы қол­дан­ған. Ал елімізде бұл препаратты пайдаланғаны үшін бірнеше спортшы жазаға тартылды. Отандық анти-допинг орталығы­ның мәліметі бойынша, 2020 жылы 24 қазақстандық спортшы допингке байланысты спорттан белгілі бір мерзімге алшақ­татылды.

Метилгексанамин – дене күшінің тез қалпына келуіне, тө­зімділіктің артуына, шаршамауға көмектесетін дәрмек. Мұндай тыйым салынған препаратты 2016 жылы Алжир футболшысы Хей­реддин Мерзуги қабылдап, фут­болдан 4 жылға шеттетілген еді. 2012 жылы Авангард хоккейшісі Антон Беловтың да допинг сынама­сынан метилгексанамин препараты табылып, үш ай сынақ мерзімі тағайындалды. Бұл дәр­мекті команда дәрігері хоккейші жарақат алғаннан кейін қолдану­ды ұсынған. Соған сай жаза мер­зімі де жеңілдетілді. Ямайкалық желаяқ Неста Картер де дәл осы дәрмекті қолданды деген айып­пен 2008 жылы Бейжің Олим­пиадасында алған медалінен айырылды. Яғни, 2017 жылы Кар­тер және барша Ямайка ұлт­тық құрамасындағы желаяқтар Картердің допинг-сынамасы оң нәтиже бергенінен кейін жеңіс­терінен бас тартты. Өкініштісі, спорт тарихындағы осы тектес оқиғалар жетіп артылады. Анығы допинг қабылдағандардың еш­қайсысы да жазадан тыс қалған емес.

Енді Қазақстан ұлттық құ­рама­сының футболшысына да допинг қабылдады деген айып тағылып, спортшы футболдан 2 жылға шеттетілді. Өз кезегінде Бауыржан Исламхан бұл үкіммен келіспейтінін айтып,  апел­ляциялық шағым түсіретінін жет­кізді.

–  Спорттық карьерамда еш­қашан допинг қолданған жоқпын және спорт режимін бұзбадым. Сондықтан мына жағдай мен үшін ауыр соққы болды. Кінәсіз екенімді дәлелдеуді жалғас­тырамын және бұл шешімге міндетті түрде шағым түсіремін. Лозанна сотындағы төрешілер менің дәлелдерімді тыңдай­тынына сенімдімін, –  деп ағынан жарылды футболшы.

Қазір футболшыға көптеген спорт журналистері мен футбол­шылар қолдау білдіруде. Солар­дың бірі – танымал спорт ком­мен­таторы   Амангелді Сейітхан. Ол Лозаннадағы соттың дұрыс шешім қабыл­дайтынына күмән келтірмейтінін айтып қалды.

–  Осынау қиын сәтте отан­дасымызға сенім артып, қолдау білдіргеніміз  абзал. Егер ол кінәлі, айыпты болса, көпшілікке тура сөзін айтып жар салмас еді. Бауыржанның қазақ футболын­дағы орны, ұлттық құрамадағы атқаратын рөлі ерекше екені де сіздерге мәлім. Ақырғы шешімді күтейік. Бәрі оңынан болуына тілекшіміз, –  дейді Амангелді Сейітхан.

Бахтиер Зайнутдинов баста­ған Жамбыл футболының түлек­тері мен «Тараз» командасының футболшылары Баториге жылы сөздерін арнап, мықты болуға шақырды. Аталған жағдайға Қазақстан Премьер лигасында ойнайтын футболшылар да үн қатты. Мұның өзі де футбол­шының жанына демеу болары анық. Бастысы болған іске болаттай берік болып, барынша төзімділік танытқан жөн. Оның үстіне, таяу күндері Исламхан мен «Әл-Айн» командасы ара­сындағы келісімшарт даулы жағ­дайға байланысты үзілуі ықтимал. Бірақ Батори қолдаусыз қалған жоқ. Алматылық клубтың бас­шысы Қайрат Боранбаев та фут­бол­шыға көмек қолын созуда. Осыған орай, Қазақстан ұлттық құ­рамасының капитаны «Қайрат­тың» сапында дайындық жұмы­сын жалғастыратыны белгілі бол­ды. Бұл туралы спорт жур­налисі Айдын Қожахмет хабар­лады.

– Бауыржанның бұрынғы клубы «Қайрат» командасының бас­шылығы футболшыға қаңтар айында командамен жаттығу жасау туралы ұсыныс жасады. Исламхан дисквалификацияға бай­ланысты өтініші сотта қа­ралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді, – делінген хабарламада.

Әзірге бәрі соттың соңғы сөзін, үкімін тыңдауға асық. Жыл­дың басы жағымды жаңа­лығы­мен, әділ әрі жеңіл ше­шімімен қуантсын дейміз. Бауыр­жанның тезірек футболға орал­уын барша қазақ жанкүйерлері асыға күтеді.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ

 
Тегтер: «Әл-Айн» клубыБауыржан ИсламханЛозаннасотфутболшешім
Алдыңғы жаңалық

Пневмониядан 3 адам қайтыс болды

Келесі жаңалық

Аяз салдарынан Өскемендегі көпірде жарық пайда болды

Ұқсас жаңалықтар

жол, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Нұр-Сұлтан
Жаңалықтар

Бораннан кейін бірнеше облыста жол ашылды

Наурыз 9, 2021
пневмония, коронавирус, ауру, адам өлімі, Қазақстан
Жаңалықтар

Бір тәулікте пневмониядан қанша науқас қайтыс болды?

Наурыз 9, 2021
Алматы, су, құбыр, Медеу, Алмалы, Жетісу
Жаңалықтар

Алматының 3 ауданында екі күн су болмайды

Наурыз 9, 2021
ауа райы, мектеп, сабақ
Жаңалықтар

Бүгін Қостанайда оқушылар мектепке бармайды

Наурыз 9, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бораннан кейін бірнеше облыста жол ашылды

Наурыз 9, 09:22

Бір тәулікте пневмониядан қанша науқас қайтыс болды?

Наурыз 9, 09:13

Алматының 3 ауданында екі күн су болмайды

Наурыз 9, 09:02

Бүгін Қостанайда оқушылар мектепке бармайды

Наурыз 9, 08:40

Коронавирусқа шалдыққандар саны азайды

Наурыз 9, 08:06

Бадам өзенінде балық қырылып жатыр

Наурыз 9, 07:56

9 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 9, 07:12
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

жол, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Нұр-Сұлтан

Бораннан кейін бірнеше облыста жол ашылды

Наурыз 9, 2021
пневмония, коронавирус, ауру, адам өлімі, Қазақстан

Бір тәулікте пневмониядан қанша науқас қайтыс болды?

Наурыз 9, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»