Алматыда түнгі клубтағы төбелесте бір адам қайтыс болды
Алматыда түнгі клубтағы төбелесте бір адам қайтыс болды
150
оқылды

Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Төбелесте зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға түсті. Полицияның хабарлауынша, жанжал түнгі клубтың кіреберісінде болған. Үш жігіт өзара сөзге келіп қалып, арты төбелеске ұласқан көрінеді. Күдікті ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында қамауда отыр. Тергеу басталды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Ол – 1985 жылы туған Алматы қаласының тұрғыны», – деді.

Түнгі клуб иесі де істі болуы мүмкін. Карантин талабын ескермегені үшін санитар мамандар әкімшілік жауапқа тартпақ.

Қазір түнгі клуб жабық тұр. Ал күдіктінің айыбы дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.