Тұман түсіп, желдің екпіні күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман, жаяу бұрқасын, түнде 15-20 м/с жел соғады. Қостанай, Ақмола, күндіз Павлодар облысында боран соғады. Алматы облысы Жалаңашкөл аймағында желдің екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында боран соғады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облысында тұман болады.Алматы облысында түнде қатты аяз болуы ықтимал.