Саяси тұрақтылық инвестор үшін маңызды
Саяси тұрақтылық инвестор үшін маңызды
138
оқылды

Nur Otan партиясы Орталық аппаратының басшылығы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметімен танысты. Аталған орталық «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» аясында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған-ды.

Nur Otan партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының ай­туынша, бұл жоба партия Лидері мен Мемлекет басшысының тұ­рақты бақылауында. Өйткені ол отандық қаржы саласын дамы­туға және ел экономикасына ше­телдік технологиялар мен инвес­тицияларды тартуға бағыт­талған.

– Жобаны жүзеге асыру үшін Nur Otan фракциясының депутаттары тиісті заңнамалық бас­тамалар жасады. Бұл – біздің экономикамызды анағұрлым са­палы институционалдық деңгейге көтеруді көздейтін маңызды іс. Nur Otan партиясының мақсаты – қазақстандық қоғамның тұрақты­лығы мен гүлденуі үшін Елба­сы­ның стратегиялық бағытымен ілгерілеуді қамтамасыз ету. Кез кел­ген инвестор үшін ең маңыз­ды­сы – саяси тұрақтылық, жақын арадағы және келешекке бағыт­талған түсінікті ережелер. Жаңа технологиялар мен инвести­ция­лардың үлкен ағыны сайып кел­генде халықтың әл-ауқатын кө­теруге әсер етеді. Сондықтан біз жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деді Бауыржан Байбек.

Кездесу барысында АХҚО бас­қарушы директоры Қайрат Келімбетов бүгінде әлемнің 30-дан астам елінен 317 компания қа­тысу­шы ретінде тіркелгенін айтты.

– Инвестиция тарту және қор на­рығын дамыту үшін Astana International Exchange – AХҚО бир­жасы құрылды. Бір жылға жетер жетпес уақыт ішінде 216 мил­лион доллар акционерлік капи­тал тартылды. АХҚО қаржы орталық­тарының жаһандық индексінде Стамбұл, Варшава, Будапешт, Мәскеу және Бакуді басып озып, 104-тің ішінде 51-орнын алды, – деді Қайрат Келімбетов.


Әбілмансұр ЖАСАН