Ішкі істер министрімен жүздесті
Ішкі істер министрімен жүздесті

Nur Otan партиясының Рес­публикалық қоғамдық қабыл­дау бөлмесінде Ішкі істер ми­нистрі Ерлан Тұрғымбаев аза­маттарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Атал­мыш шараға министрмен бірге тергеу, жеке қауіпсіздік де­пар­таменттері басшылары, Нұр-Сұлтан қалалық полиция де­партаменті басшысының орын­басары және Nur Otan пар­тиясының өкілдері қатысты.

Қабылдауға Нұр-Сұлтанда тұра­тын 50-ге жуық тұрғын жазылды. Одан бөлек, тікелей бейнебайланыс арқылы өңірлерден шағымдану­шы­лар хабарласты.

– Мен тағы да сіздің көмегіңізге жүгінуге мәжбүрмін. Тамыз айында алаяқ­тық ісі жөнінде сіздің жеке қа­былдауыңызда болдым. Істі 2 рет тоқ­татты. Екі тергеуші де шығарған қаулысы үшін жазаланды. Сіз ко­миссия тағайындадыңыз. Бірақ еш­қандай тұжырымдама мен хабарлама алған жоқпын. Қанша уақыт өтсе де, бас тарту түріндегі жауап алып келе­мін, – деді Шымкент қаласынан ха­бар­ласқан Лилия Ахметова.

– Сіздің мәселеңіз бойынша Бас прокуратураға 2 рет өтінішхат жібер­дік. Бұл айғақтарыңыз қо­сымша тер­геуді қажет етеді. Алайда Бас про­ку­ратура істі қараудан ресми түрде бас тартты. Жазбаша хабарлама бар, – деп түсіндірді ІІМ Тергеу де­партаментінің басшысы.

Өз кезегінде министр Бас про­курордың атына өтініш жазуға кеңес берді.

– Сіздің қылмыстық ісіңіз бо­йын­ша тергеушілер жазаланды. Бар­лық кедергі жойылды, тергеу жүр­­гізілді. Енді жеке тұлға ретінде Бас про­ку­рордың атына өтініш жазу­ды ұсы­на­мын. Өтінішіңізді қолдай­мын. Бұл – тығырықтан шығатын жалғыз жол, өйткені қаулының күшін жой­май, заң бойынша тергеу жүргізіл­мей­ді. Шымкенттің полиция депар­та­­менті арыз жазуға және оны рәсім­деуге көмектеседі, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қабылдауға полиция қызмет­кер­лерінің әрекетіне, қылмыстық істің жабылуына немесе қылмыстық істің нәтижесіне көңілі толмау сынды түр­лі сипатта арыз-шағымдар ай­тылды. Сонымен бірге кешірім сұрау немесе жазаны ауыстыру, қылмыс­тық істің тоқтатылуы жөнінде де өтініштер қаралды.