Еңбек инспекторының ұйғарымы сот орындаушының бұйрығына теңестірілді – Біржан Нұрымбетов
Еңбек инспекторының ұйғарымы сот орындаушының бұйрығына теңестірілді – Біржан Нұрымбетов
117
оқылды

Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Жалпы, биыл еңбек инспекторлары 4,2 млрд теңге көлемінде жалақы қарызын төлеттірді. Нәтижесінде, 31 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Жалақы берешегін уақтылы өтеуді қадағалау мақсатында биыл заңнамалық түрде мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушіге беретін ұйғарымының мәртебесі сот орындаушының бұйрығына теңестірілді. Бұл жалақы қарыздары үшін жұмыс берушілердің қосымша есепшоттары мен мүлкіне тыйым салу, елден шығуға шектеу шараларын қолдануға мүмкіндік береді», – деді Біржан Нұрымбетов.