Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазақстанның Омбыдағы консулдығының көмегімен жергілікті балалар клиникалық ауруханасынан денсаулығы нашарлаған екі айлық сәби санитарлық авиация бортымен Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Арнайы рейсті Сыртқы істер және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Сәбиді астанаға жеткізгенге дейін мамандар жол-жөнекей оның диагнозын зерттеп, келген соң емдеуді бастады.Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің қазіргі жағдайы тұрақты, ем қабылдап жатыр.