Ережені елемеген 1100 мекеме анықталды
Ережені елемеген 1100 мекеме анықталды
109
оқылды

Өкінішке қарай, Алматы қаласы бас санитары Жандарбек Бекшиннің карантин талаптарының қатаң сақталуына қатысты қаулысын біле тұра кейбір кәсіпкерлер заңға бағынбай отыр. Мәселен, 8 қазаннан бері мегаполис бойынша 5 жарым мыңдай нысан тексеріліп, ережені елемеген 1100 мекеме анықталды.

Тәртіп сақшылары Әуезов ауданында жұмыс істеп тұрған тойхананы анықтады. Мобильді топ мүшелері келгенде нысан қызметкерлері есіктерін ашпай, оларды біраз әуреледі. Мониторингтік топ ішке тек бір сағаттан кейін ғана кіре алды. Мұнда карантин талаптарын елемей, жаңа жылдық кеш ұйымдастырғандар анықталды. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлері қонақтарға қорқор да ұсынған. Нысан ішінде жүзден аса адам болған. Тәртіп сақшылары ішке енгенше қонақтардың жартысы қосымша есіктен шығып үлгеріпті. Сондай-ақ, келушілер арасында бетперде режимі мен арақашықтықтың сақталмағаны белгілі болды. Тәртіп бұзғандардан түсініктеме алынып, нысан басшысына қомақты көлемде айыппұл жазылды. Мониторингтік топ тексерген букмекерлік кеңсе де келушілерге лық толы болған. Олар карантин талаптарын сақтамаған. Бетперде тақпағандар түсініктеме жазды. Енді олар 83 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Қазіргі таңда Әуезов ауданында 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Ал Бас санитардың талабын бірнеше рет бұзған мекемелер қатаң жазаланады. 3 нысанның ісі сотқа жіберілген. Енді олардың жұмысы заң жүзінде тоқтатылуы мүмкін.