Bek Air компаниясы халыққа қарызын қашан қайтарады?
Bek Air компаниясы халыққа қарызын қашан қайтарады?
137
оқылды

Өкініштісі – жолаушылар орындалмаған рейстердің ақшасын әлі күнге дейін қайтара алмай жүр. Компанияның халық алдындағы қарызы 100 миллион теңгеден асады.

12 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алған жантүршігерлік оқиға көптің есінен шыға қойған жоқ. Осы апаттан кейін компания лицензиясынан айырылып, жұмысын тоқтатқан. Дегенмен апатқа кінәлілер әлі анықталған жоқ. Апаттан зардап шеккендерге бүгінге дейін сақтандыру компаниясы 129 миллион 361 мың теңге төлеген. Жараланғандардың емі де осы сақтандыру компаниясы есебінен өтеліп жатыр. «2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласының маңайында болған апат бойынша Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесі фактісіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта шет елдерден құқықтық көмек көрсету мақсатымен осыған дейін жіберген материалдарға жауаптар күтілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеудің мән-жайларына қатысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.