“Ақ жол” партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
“Ақ жол” партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
136
оқылды
Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, облыстық филиал төрағасы Жаңбырбай Матаев бастаған республикалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріне сапары барысында «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті. Кездесуде “Ақ жол” демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. – Өздеріңізге белгілі, сайлауалды науқаны жүріп жатыр. Бүгін Маңғыстау облысындамыз. Маңғыстау өңірі “Ақ жол” партиясының негізгі тірегінің бірі. Қазақ 50 жылда ел жаңа деген. Мынау басқару жүйесінің бұрынғы амалдары жаңа мәселелерді шешуге қауқары жоқ. Оған эпидемия басталғанда көз жетті. Біз қай саланы алмасақ та, жемқорлық жайлап, іріп-шіріп дағдарыста тұрғанын көрсетті. Біздің ұсынысымыз  - экономикалық-саяси түбегейлі өзгерістер қажет. Қазақта тағы бір жақсы мақал бар. “Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді” деген. Мынау қазанның да, қазынаның да қақпағы халықтың қолында болуы керек", –  деді мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов. Ал “Ақ жол” демократиялық партиясының жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Бақтиярқызы маңғыстаулықтарға партия ұсынған осы өзгерістердің іске асуы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты деп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды. “Ақ жол” партиясының Маңғыстаудағы үгіт-насихат тобының сапары жалғасуда.