«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарға  ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану ұсынды
«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарға  ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдалану ұсынды
156
оқылды

«Ауыл» партиясы отандық шаруа қожалықтарында Қазақстанда сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, танаптарды зондтау, топырақты кешенді агрохимиялық зерттеу және  егіншіліктің басқа да элементтерін пайдалануды ұсынды.

Бұл ұсынысты «Ауыл» партиясынан Мәжілістегі мандаттан үміткер Қайрат Айтуғанов Ақтөбе облысындағы сапарында жасады. Партия өкілдері «Ауылдан ауылға» акциясы аясында Ақтөбе облысының Алға ауданындағы елді мекендерді аралады, сол өңірдегі «Реимкул» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті.    width= ҚазАТУ басқарма төрағасы Қайрат Айтуғановтың айтуынша, «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасында агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру мақсатында алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ынталандыруға баса назар аударып отыр. «Ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жұмыс берушінің табыстылығына, мал басының өсуі мен өсімдік шаруашылығының өнімділігіне байланысты. Осы аспектіде «Реимкул» шаруа қожалығы ұжымына Қазақстанда сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, танаптарды зондтау, топырақты кешенді агрохимиялық зерттеп қарау және нақты егіншіліктің басқа да элементтерін пайдалануды ұсынамыз. Мал шаруашылығы субъектілері ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша университет әзірлеген технологияларды, табынды басқару үшін цифрлық өнімдерді пайдалана алады», – деді ол.    width= «Реимкул» шаруа қожалығы  астық өндірумен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын ірі агрофирма. Кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Шаруашылықтың 3000 гектар егістік жері, әулиекөл және симментал тұқымдас 1500 бас ірі қара малы, 700 бас жылқысы бар. Тұмар МЫРЗА