«Ауыл» партиясының Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарынан жасақталған үгіт-насихат тобы Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы сапарында осылай деп мәлімдеді.
Партияның «Ауылдан ауылға» акциясы аясында «Найдоровское» серіктестігі мен «Ақпан» ауылы тұрғындарымен кездесуінде Осакаров аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Галина Крапивенко партияның әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі жоспары туралы баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау 6 түрлі жәрдемақы төлемімен ұсынылған. Төлемдердің мөлшері туған, тәрбиеленетін, бірге тұратын бала санына байланысты. Бұл ауыл тұрғындарына аудандағы әлеуметтік көмек көрсету орталығына құжаттар жинау үшін қайта-қайта баруда қиындық туғызады. Ауыл халқының көпшілігі осыдан шаршаған соң, әлеуметтік көмек алуға тырыспайды. Сол себепті «Ауыл» партиясы сайлауалды тұғырнамасында отбасындағы бала саны мен табыс деңгейіне қарамастан, әрбір балаға 18 жасқа толғанға дейін жәрдемақы төлеуді ұсынып отыр», – деді Г.Крапивенко.Тұмар МЫРЗА