Нұротандықтар жолдың сапасы мен балабақша мәселесін назарға алатынын жеткізді

Нұротандықтар жолдың сапасы мен балабақша мәселесін назарға алатынын жеткізді

Nur Otan партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутатығына үміткерлер Сәрсенбай Молдашев, Ерболат Бекмулдин, Абылай Молдашев Қарасу ауылдық округіне барып, тұрғындармен канвассинг форматында кездесті. Олар көп балалы отбасы Ізмағамбет Хасанов пен Дастан Губашевтың шаңырағында болып, отбасы мүшелерін партияның алдағы бес жылға арналған бағдарламасымен таныстырды.

Сұхбат барысында партия төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында осы уақытқа дейін еліміздің жеткен жетістіктері және партияның болашаққа жоспарлары талқыланды. Сайлаушылар елімізде жүргізіліп жатқан саясатқа, бастысы бейбітшілік орнаған заманда бірлігіміз жарасып, тұрақтылықтың қалыптасқанына, Nur Otan-ның халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарына риза екендігін жеткізді. Сонымен қатар ауылға балабақшаның қажеттілігі мен жолдың сапасының сын көтермейтіні айтылды. Тұрғындар ауылда мал шаруашылығына, кәсіпкерлік саласына көңіл бөлініп жатқанын айтты. Бұл арқылы ауыл халқы өзін-өзі жұмыспен қамтуға мүмкіндік алған. Мемлекеттік бағдарламаларға қол жеткізе отырып кәсібін дөңгелетіп отырған жандардың да алғысын жеткізді. Nur Otan партиясы Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер айтылған мәселелерді назарға алатындығын жеткізіп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға келіп, партияны қолдауға шақырды.

Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.