Билік өкілдері БАҚ-ты жиі оқыса, көп мәселе оң шешімін табар  еді

Билік өкілдері БАҚ-ты жиі оқыса, көп мәселе оң шешімін табар  еді

Басқосуда   саяси ұйымның басты назарында тұрған аграрлық және әлеуметтік саланы жақсарту, қандастар жағдайы сияқты мәселелер талқыланды. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады. ⠀

«Партия өңірлерде белсенді жұмыс жүргізіп келе жатқанын ауылда тұратын халық жақсы біледі. Алайда «Ауыл» партиясы 20 жыл тұрақты жұмыс істесе де Парламентте бірде-бір рет ұсынылған жоқ. Партия төрағасы Әли Бектаев өткен жылдың өзінде ауыл мәселесіне арнап 30-дан астам депутаттық сауал жолдады», – деді Т.Рахымбеков. Бас редакторлар клубының мүшесі Жанай Амантурлин ауыл мәселесінің БАҚ-та жариялау маңызды екенін атап өтті. «Аудандағы ақпарат құралдарын қаржыландыру проблемасына байланысты таралымы төмен. Бұған жергілікті басшылар назар аударса дейміз. Билік өкілдері халықтың жағдайын білу үшін аймақтық БАҚ-тарды жиі оқыса, көп мәселеден хабардар болып, нәтиже шығарар еді»,  – деді ол.

Тұмар МЫРЗА