Пойыз жолда селфиге түскен қыз көз жұмды

Пойыз жолда селфиге түскен қыз көз жұмды

Ақтөбеде түнде пойыз жолда селфиге түспек болған қызды пойыз қағып кетті.

«Спутник Қазақстанның» жазуынша, оқиға 4 желтоқсан күні сағат түнгі он бірлер шамасында болған. Облыстық полиция департаменті: «Авиа қалашық ауданында екі қыз селфиге фотоға түскісі келген. Біреуін қатты жылдамдықпен келе жатқан пойыз қағып кетті», – деп хабарлады. 2000 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілгенімен, таңертең көз жұмды.