«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірлерде тұрғындарымен кездесуді жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Алматы облысына келді. «Инфраэнерго» электротехника өнімдерін шығаратын кәсіпорын ұжымымен кездесуде партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары талқыланды. «Nur Otan» алдағы 5 жылда өңірде 134 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды, 31 мың орынды құрайтын 80 жаңа мектеп салу арқылы үшауысымды оқу мәселесін шешуді, 120 ауылдың 190 мың тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді, 72 денсаулық сақтау нысанын, сондай-ақ 120 мыңнан астам пәтер салуды жоспарлап отыр. Осы күні сайлауалды штаб мүшелері БАҚ өкілдерімен, отандас-қандастармен және жастармен кездесті. https://youtu.be/nrb67kVIzCI Алматы облысына сапары барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бірқатар азаматты қабылдады. Мәселен, қабылдауда Назерке Әбдіхалықова Райымбек ауданында емхана салу мәселесін көтерсе, Шонжы ауылынан келген көпбалалы ана Зағира Әлімходжаева салынып жатқан жалдамалы тұрғын үй санын арттыруды өтінді. Ал Амангелді Шәріпқұлов Айтей ауылы тұрғындарының электрмен жабдықтау мәселесін шешу жөніндегі өтінішін жеткізді. Бұл мәселелер нұротандықтардың сайлауалды уәделері аясында шешілетін болады.
«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Азаматтармен әрдайым тығыз байланыста болу – біздің партиямызға көрсетілетін таусылмас халықтық қолдаудың қайнар көзі». Жалпы, үгіт кезеңі басталғаннан бері біздің қоғамдық қабылдауларға 56 мыңнан астам өтініш түсті, оның ішінде 20 мыңдайы – сайлаушылардың ұсынысы мен аманаты. Кандидаттар мен сенім білдірілген тұлғалар 7,3 мың қабылдау өткізді. Халық тарапынан түскен барлық өтініш пен аманат ерекше партиялық бақылауға алынады», - деді партияның Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі.Баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтарды негізінен келесі мәселелер толғандырады: әлеуметтік қамтамасыз ету - 22%, ТКШ - 17%, тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу - 12%, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары - 8%, денсаулық сақтау - 6%, білім беру - 5% және т.б.