Отарлықтар көгілдір отынға қол жеткізді
Отарлықтар көгілдір отынға қол жеткізді
159
оқылды

Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатына кандидат Серік Есжанов Отар ауылдық округіндегі Гвардейский қалашығында тұратын Тынышбек және Айман Мадышевтердің отбасында болып, партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кандидат қонақта болған ерлі-зайыпты Мадышевтерді жергілікті тұрғындар өңірдің дамуына үлкен еңбек сіңірген жандар ретінде құрмет тұтады. Ақсақалдың шаңырағына бас сұққан кандидат Серік Есжанов партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Отар – Өзіңізге мәлім Отар ауылында биыл көп жұмыс атқарылды. Ауылдағы көшелер жөнделіп, жарықтандырылды. Ауыз су мәселесі шешіліп, жаңа спорт кешені бой көтеріп, жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды. Халықтың бой жазып, серуендеуіне арналған саябақтар да ретке келтірілді. Жаңа тұрғын үйлерге арналып жер телімдері белгіленіп, қажетті коммуникациялар тартыла бастады. Ауылдың маңынан автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, бұл нысан осы аймақты толығымен газбен қамтитын болады. Ауыл көшелеріне газ құбырлары тартылып жатыр. Жаңа жылдан бастап отарлықтар да табиғи газбен үйлерін жылытатын болады. Жалпы Nur Otan партиясының Жамбыл облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы аясында 107 елді мекендегі 128 мың тұрғын көгілдір отынның қызығын көреді, – деді кандидат С.Есжанов. Кандидат Nur Otan партиясының Қордай ауданын дамытудың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға тоқталып өтті. Аталған бағдарламаға сай партия Қордай ауданында емханасы бар орталық аудандық ауруханасын салуға және елді-мекендерді газбен қамтуға ықпал ететін болады. Ақсақал кандидатты мұқият тыңдап, қай кезде де жүйелі жұмыстың басынан табылатын бас партияны қолдауға дайын екенін айтты.

Nur Otan партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.