Бес өңірде ескерту жарияланды
Бес өңірде ескерту жарияланды
110
оқылды
Аяздың көтерілуіне байланысты еліміздің бес өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет"  РМК. 30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы күрт төмендеп, 27-32 градусқа дейін аяз болады, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнде аяз 30-35 градусқа дейін, кей жерлерде 38 градусқа дейін көтеріледі. 31 желтоқсан-1 қаңтар аралығында Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін күрт төмендейді, облыстың солтүстігінде 38 градусқа дейін аяз болады. 1 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градусқа дейін төмендейді. 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36 градусқа төмендейді, кей жерлерде 39 градус аяз болады.